Меню KDT
МЕНЮ
  • Vk
  • YouTube
  • Twitter
  • Instagram

logo.gif?_=1698638151

КГУ "АНДРЕЕВСКАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА"
год основания 1917 нынешнее здание 1972
  • kz
  • ru
  • Меню школы

    Новости

    АЛДАҒЫ УАҚЫТТА ТӘРТІПСІЗ ОҚУШЫ МЕКТЕПТЕН ШЫҒАРЫЛАДЫ

    Алдағы уақытта бірнеше тәртіп бұзған оқушы сол мектептен шығарылады. Яғни, оның басқа білім ордасында оқуына тура келеді. Үкімет жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында осындай ұсыныстар айтылды. Мамандар бұл жұмысты мектеп пен ата-ана арасындағы келісімшарт арқылы бекітпек. Бұдан басқа, оқушыларға қымбат ұялы телефон ұстауға да тыйым салынады. Психологтардың да санын арттыру жоспарда бар. Қазір еліміздегі 7 мыңдай мектепте бір-бірден ғана маман бар көрінеді. Жалпы, еліміздің Бала құқықтары жөніндегі заңда ата-ана міндеттері жалпылама жазылған. Комиссия мүшелері ата-анаға жүктелетін жұмыстарды нақты жазуды ұсынып отыр. Ержан Ерсайынов, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары: - Әлеуметтік желілерде чаттарымыз бар. Психологтар ата-аналармен осы бағдарлама бойынша тығыз байланыста болулары керек. Негізі тәрбие беру ата-аналардан болады. Сондықтан, ата-аналар өздерінің балаларының тәрбиесіне тығыз араласуы керек.  Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ «YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

    қайнар көз: https://kaztrk.kz/news/qogam/aldagy-uaqytta-tartipsiz-oqushy-mektepten-shygarylady-123970
    Кез келген материалды қолданған жағдайда мына сілтеме көрсетілуі тиіс https://kaztrk.kz
    01.02.2019
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание Президента

    president.png?_=1556595755

    БУДЬ В КУРСЕ ВСЕХ СОБЫТИЙ!